“Ұят та болса айтайын” — Айнұр Тұрсынбаева бұрын-соңды айтылмаған құпиясымен бөлісті

0

Айтыскер ақын және коуч Айнұр Тұрсынбаева өзінің жеке парақшасында бұрын ешкімге айтпаған құпиясымен бөлісті.

Ол күйеуімен ренжісіп қалған сәттерде, 20 жыл бойы байқамастан, киімдерін чемоданға жинайтын әдеті болғанын айтты. Бұл әрекетінің себебін балалық шағындағы тәжірибесімен байланыстырды: апасы ұрысқанда, шешесіне кетемін деп киімдерін жинайтын болған. Бұл түсінікке келгеннен кейін, ол өз-өзімен жұмыс істеп, бұл әдетінен арылғанын жеткізді. 

Сонымен қатар, Айнұр Тұрсынбаева өзінің курс бағдарламасын әзірлеуге Ораза айының әсер еткенін атап өтті. Ораза кезінде басты шарттардың бірі – ешкіммен ұрыспау және садақа беру екенін бөлісті.

Жақында ол тағы бір қиындыққа тап болғанын айтты: жеке парақшасын хакерлер бұзып, оны қайтару үшін айтарлықтай қаржы жұмсауға мәжбүр болған. Бұл оқиға оған жақындарымен уақыт өткізудің маңыздылығын еске салды. 

Түркияда болған жер сілкінісінен кейін, ол таңғажайып оқиғалармен бөлісіп, Алланың құдіретін еске салды. Ол мұсылмандарды имандарын күшейтуге шақырды.