«Ұялып кеттім»: Асхат Тарғын қыздар сияқты суретке түскен Нұрболатқа ақылын айтты — Қазақстан жаңалықтары
Нұрболат Абдуллин қыздар сияқты суретке түсемін деп сөзге қалды. Нәзік жандылар арасында сәнге айналған «үйрек ерінді» қайталаған ол әріптесі Асхат Тарғынға жақпай қалды, деп жазады Stan.kz.
«Нұрболат, алып тасташ мына суретіңді, қате ғо інім. Ер азаматқа лайқ болшы. Сен үшін мен ұялып жатырмын. Саған жаным ашиды, дұрыс түсін», — деп пікір білдірді Тарғын Абдуллиннің суретіне қатысты.
Алайда Нұрболат әріптесіне ешқандай жауап бермеді.
Желі қолданушылары болса соңғы кездері Нұрболаттың теріс жаққа қарай өзгеріп кеткенін атап өтті.
«Еріккен еккенсің, ерсі көрінеді», «Өкінішті, адамды жалықтырып жібердің, ішіп-жегеніңді, т.б. салып… Әндерін сүйіп тыңдап жүретін едім. Енді қызық емес», «Күлейін десем жас бала емессің, күлмейін десем, істеп тұрғаның жас баланың тірлігі. Біресе тамағыңды салып, біресе денеңді салып, біресе бассейннен шықтың. Ендігі тірлігің мынау, келесіде жалаңаш шықпасаң болды», — деп пікір білдірді олар.
stan.kz