Ұялы байланыс операторлары қызмет құнын 50%-ға азайтқалы отыр

0
Мобильді қосымша
Фото: Inform.kz

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары әлеуметтік тариф енгізуді ұсынып отыр, ол байланыс пен интернет құнын 50%-ға дейін төмендетеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінде өткен дөңгелек үстел барысында Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары Дарын Тұяқов айтты.

Байланыс операторларының өзі бізге халықтың әлжуаз тобына да, басқа абоненттерге де ортақ әлеуметтік тариф енгізу бастамасымен шықты. “Қазақтелекомда” “Стартовый” аталатын тарифтік жоспар бар, ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Ол 3499 теңге болады, алдыңғы тарифпен салыстырғанда 5%-ға арзан болады. Оған интернет, тегін байланыс пен Қазақстан бойынша және Altel мен Tele2 ұялы операторлары нөмірлеріне тегін қоңыраулар кіреді, – деді Дарын Тұяқов.

Вице-министрдің айтуынша, “КаР-Тел” компаниясы (Beeline) “Социальный” аталатын жаңа тарифтік жоспар желісін ұсынып отыр. Ол “Социальный”, “Социальный плюс” және мұғалімдерге арналған тарифтік жоспардан тұрады.

Бұл тарифтік жоспарлар бойынша ұялы байланыс қызметі 50%-ға дейін арзандайды. Егер бұған дейін байланыс қызметі 1300 теңге болса, енді 590 теңге болады. “Кселл” де “Комфорт XS плюс” жаңа тарифтік жоспарын ұсынып отыр. Олар да тарифті ай сайынғы абоненттік төлеммен бірге 50%-ға азайтады – төлем 1390 теңге болады, бұған дейін 2590 теңге болған еді, – деді вице-министр.

Дарын Тұяқовтың мәліметінше, KazTransCom компаниясы байланысқа қосу қызметінің ақысын 50%-ға дейін төмендетіп, абоненттік төлем бойынша 10%-дық жеңілдік және интернет үшін абоненттік төлем құнын 15%-ға дейін азайтуды ұсынады.

“Транстелеком” компаниясы қызметінің құнын Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін 5%-ға төмендетуді ұсынды. Тұтас алғанда, компания өздеріндегі тарифтердің өте төмен екенін айтып отыр. Ауылдық жерлердегі байланыс құны – 529 теңге, қала тұрғындары үшін – 797 теңге, – деді вице-министр.

Дарын Тұяқов әзірше байланыс қызметінің құнын төмендету туралы ақпаратты “Мобайл Телеком-Сервис” компаниясы – Altel мен Tele2 ғана ұсына қойған жоқ.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz