Үй жануарлары адамға коронавирус жұқтыра ала ма? — Қазақстан жаңалықтары

0

Зерттеу нәтижелері үй жануарлары коронавирусты жұқтыруы мүмкін, бірақ оны адамдарға бере алмайтындығын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Medical Xpress-ке сілтеме жасап.

Бұл Гонконгтың ауылшаруашылығы, балық аулау және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Гонконгтағы иесіне жұқтырған иттің анализдерін зерттегеннен кейін қол жеткізді.

Алдымен жануар оқшауланды, содан кейін оның жанына сау ит отырғызылды, үй жануарлары бір апта бойы бақылаудан өтті. Қазіргі уақытта екінші ит індетті жұқтырмаған. Зерттеу әлі аяқталмағанына қарамастан, министрлік үй жануарлары өз иелеріне коронавирус жұқтыра алмайды деген тұжырым жасады.

Гонконгтағы ауылшаруашылық департаментінің өкілдерінің бірі: «Біздің нәтижелеріміз иелердің үй жануарларын тастауға ешқандай негіз жоқ екенін көрсетеді. Бастысы — бұл гигиенаны сақтау», — деп қорытындылады.

Қытай жарқанаттар коронавирустың жаңа түріне ие болған бастапқы жануар болуы мүмкін дейді. Кейінгі зерттеулердің нәтижесі бойынша панголиндер, плацентарлы сүтқоректілер отрядының кесірткелері де аурудың көзі бола алатындығы белгілі болды.

Польшаның денсаулық сақтау министрі Лукаш Шумовски мысықтар коронавирус тасымалдаушы болып табылады деп болжады.

stan.kz