Үй шаруасына қажет кеңестер |
1. Таза сөмке
Байқасаңыз, арзан сөмкенің ішінен балыққа ұқсайтын бір иіс шығады. Осы жағымсыз иістен арылғыңыз келе ме? Ішіне қалталы шай салыңыз.
2. Таза құбыр
Канализация құбырын тұздың көмегімен тазалауға болады. Оны құбырға сеуіп, артынша ыстық су құйыңыз.
3. Таза үтік
Үтіктің түбіндегі күйік іздерін мүсәтір спирті мен сірке қышқылының көмегімен кетіруге болады. Жұмсақ матаны қоспаға салып, үтіктің табанын сүртіңіз.
4. Көкөніс сорпасы
Жаңа піскен көкөністерден әзірленген сорпаға лавр жапырағын, қара бұрыш пен өзге дәмдеуіштерді салмаңыз. Орнына көк шөп қоссаңыз, дәмдірек болады.
5. Асхана тазалығы
Ағаш тақтайды сірке қышқылы мен су аралыстарылған қоспамен тазалап отырыңыз. Азық-түліктерді таза тақтайда кескен жөн.
6. Май қосылған салат
Салатқа өсімдік майын тұз, бұрыш, сірке қышқылы секілді дәмдеуіштерді қосқан соң ғана құйған жөн. Тұздың майда ерімейтінін біліңіз.
7. Суық компот
Компоттың тезірек суығанын қаласаңыз, компот құйылып тұрған ыдысты тұз қосылған салқын судың ішіне салыңыз.
8. Дәмді қарақұмық
Қарақұмық дәмді болуы үшін оған құйылатын су екі есе көп болуы тиіс. Ботқа пісіп жатқан кәстрөлдің қақпағын жабыңыз. Басында отты көтеріп, артынша азайтыңыз.
9. Иіссіз балық
Камбала, нәлім сияқты балықтарды әзірлеген кезде жағымсыз иіс шығады. Оны балдыркөк пен ақжелкен қосу арқылы кетіруге болады. Шалқан тәрізді пияз да артық болмайды.
Дереккөз: Reactor
Дереккөз: http://reactor.inform.kz