Үй мысығы отбасыны кобрадан құтқарды – видео

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мысық пен жыланның айқасы видеоға түсіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Үндістанның оңтүстік бөлігінде кобра тұрғын үйге кіріп кетті. Абырой болғанда, оны мысық көріп қалған.

Мысық пен бауырымен жорғалаушының арасындағы айқастың видеосы YouTube-те жарияланды.

Үй жануары жыланды тістеп алып, көшеге алып шыққан. Үй иесі Арун Чандру дереу жылан аулаушыларды шақырыпты. Оның айтуынша, үйде кішкентай балалар болған. Жылан оларды шағып алуы мүмкін еді, дейді ол. Чандру мысығының мұндай батыл әрекетін бұрын-соңды байқамағанын айтады.



sputniknews.kz