«Үй беремін дегендер болды…»: Нұрлан имам 7 баласымен мешітті паналап отыр

0

Әлеуметтік желілер арқылы заманауи бағыттағы уағыздарымен жұртқа жаққан дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы қазір үй-күйсіз жүр.

«Көпбалалы әкесіз. Естуімше, 7 балаңыз бар. Көп баланы асырау оңай емес. Бала-шағаны қалай асырап жатырсыз? Бір айлықпен қалай жеткізесіз?» — деген сұрақ қойған екен желі қолданушылардың бірі.

Ел бар, халық бар. Халық молданы асыраған. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым сабақты қоғамдық көлікпен қатынап оқиды.

Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі оның арғы жағында мүдде бар. Мен біреудің проектісі болғым келмейді», — деп жауап берген Нұрлан Байжігітұлы.