Үй алғың келесе, тезірек ажырас…

0

Үй алғың келесе, тезірек ажырас…

— Гүлеке, срошна ажырасуың керек.

— Ойбай, неге?, — деп шоршып түспеймін ба.

— Үй алғың келе ма?

— Иə

— Басқалай дым көмектесе алмайды екенмін. Мемлекеттік қызметкерге жатпайсыңдар, высший банктерден алуға айлықтарың аз.

— Жынды ма, күйеуім өлтірмей ма?

— Үүүй, жынды-ай, кəзіргі заманда қу болу керек, білесің ба, қу? Өзің білетін анау….

— Ал

— Анау…..

— Ал

— Неше баласы бар?

— Бесеу.

— Вот солардың бəреее өтірік ажырасу жасап алып, мемлекеттен көп баланы бағып отырған жалғыз басты ана ретінде 100мың жəрдемақысын, мемлекеттік баспанасын алып отыр.Олар орыстардан үйренген. Бас бастарына бизнесі барлар бар,күйеуінің айлығы 40 мың деп жасатып алып жəрдем алып отырған.Сендердің екеуіңнің де бақандай жүз мыңнан айлықтарың айғайлап тұрып көрініп тұрғанда 21мың да, басқа да жоқ, — дейді.

Қызымның бақшадағы апайы өткендегі тізімде көп балалы, үйі жоқ деген бір кісіге: «Үрерге итіңіз,сығарға битіңіз жоқ, вагончикте тұрсаңыз ғана айтыңыз. Əйтпесе өкіметтің де, менің де басымды қатырмаңыз» деп еді.

…Сонда үрерге ит, сығарға бит деген не болды екееен деп отырған сол.

Гүлбағыш Бостан

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Көрілген: 12    Пікірлер: 0