Уханьнан Ресей мен Өзбекстанға 8 қазақстандық азамат эвакуацияланды — Қазақстан жаңалықтары

0

Уханьнан Ресей мен Өзбекстанға сегіз қазақстандық көшірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Уханьнан Ресей мен Өзбекстанға 8 қазақстандық азамат эвакуацияланды

«Қазақстандық тараптың өтініші бойынша, 5 ақпанға қараған түні тағы сегіз азаматымыз Қытайдың Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанның арнайы бортымен эвакуацияланды. Біздің бес азамат Ташкентте екі апталық медициналық бақылауда болады, үшеуі Тюменьде бақылауда», — делінген хабарламада.

Эвакуацияланғандардың арасында Янджи университетінің бірінші курс студенті де бар, бұрын оны Қытайдың эпидемиологиялық қызметі температураға байланысты босатпаған.

Ұшу алдында Қазақстан азаматтары қосымша медициналық тексерістен өтті. Олардың арасында безгегі немесе коронавирус белгілері бар адамдар болған жоқ.

3 ақпанда Уханнан 83 Қазақстан азаматы, оның ішінде 80 студент эвакуацияланды.

stan.kz