«Уханьдық сәлемдесу» және «Ваканда мәңгілікке»: Коронавирус әлем тұрғындарының амандасу әдетін қалай өзгертті — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирустың жаппай таралауы тек экономикаға ғана емес, әлем жұртының күнделікті өмір сүру әдетіне де әсер етуде. Мысалы кейбір елдің тұрғындары қазірдің өзінде қолмен амандасудан бас тартыпты. Осыған орай Stan.kz редакциясы ерекше амандасу әдістерін сіздерге ұсынады. 

амандасу

OPEC-тің бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо Ресейдің энергетика министрі Александр Новак пен жиынның басқа да қатысушыларымен коронавирустың таралуына байланысты қол алысудан бас тартып, амандасудың жаңа тәсілін көрсетіпті. Шенеуніктердің аяқтарымен амандасып жатқаны әлеуметтік желілерде таралып, желі қолданушылардың қызу пікірін тудырды. 

Аяқпен амандасуды қытайлықтар қолданысқа енгізіп үлгеріпті. Десек те олардың сәлемдесу тәсілі OPEK ұйымының хатшысы ұсынғаннан қарағанда әлдеқайда қиындау көрінеді. 

Ең қызығы бұған дейін Германияның ішкі істер министрі министр Хорст Зеехофер елдің үкімет басшысы Ангела Меркелдің қолын алудан бас тартыпты.

Атап кетерлік жайт, Қазақ тамақтану академиясының президенті және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың құрметті профессоры Төрегелді Шарманов қол алысудың орнына қазақша «сәлем беру» дәстүрін қолдануды ұсынған еді. 

АҚШ президенті Дональд Трамп та коронавирустан қорғану үшін қол алыспауды қолдады. АҚШ басшысы қолмен амандасудың орнына үндістердің ұлттық сәлемдесуі «намастені» қолдануды ұсыныпты. Трамп Ирландияның премьер-министрі Лео Варадкарамен Ақ үйдегі ресми кездесу кезінде дәл осылай амандасыпты. 

Ұлыбританияның ханзадасы Чарльз де дәл осылай амандасуды әдетке айналдырған сыңайлы. Желілерде британиялық ханзаданың сәлемдеспекші болып, бірнеше адамға қол созғаны, бірақ артынша бірден бұл райынан айнып қалғаны түсірілген видео таралып кеткен.

Сондай-ақ «Оскар» сылығының иегері, танымал әртіс Октавиа Спенсер өзінің Instаgram-дағы парақшасында «Қара пантера» фильмінің кейіпкері ұқсап амандасуды ұсыныпты.

ваканда

 

Коронавирустан қорғану үшін тағы қалай амандасуға болады?



stan.kz