Ухань зертханасының басшысы вирустың таралуы туралы пікір білдірді
Daily Mail басылымының хабарлауынша, Ухань вирустық зертханасының директоры Юань Чжимин коронавирус инфекцияның таралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Дәрігердің айтуынша, оның рұқсатынсыз, зертхана ішінде «шыбын ұшып өте алмайтынындай» барлық қауыпсіздік шаралары қамтамасыз етілген.
Ол Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының эфирінде, -«Кейбір адамдар біздің зертханамыздың қызыметі мен оның қызмет ету жүйесін елестетіп көрместен біздің эксперименттерді жануарларды сату үшін немесе олардың зертханадан қашып кетуі үшін жасайды деп пайымдайды. Бірақ, біздің қызметкерлеріміздің ешбірі институттан тіпті бір тамшы суды да алып шығара алмайды», — деді.
Қытай ғылым академиясындағы Ухань ұлттық биологиялық қауіпсіздік зертханасы P4 зертханасы деп те аталады. Мұнда Эбола секілді өте қауіпті вирустардың 1,5 мыңнан астам штаммдары сақталған.
Бұған дейін британдық бұқаралық ақпарат құралдары тергеудің нәтижелерін жариялаған болатын, оның нәтижесі бойынша, 2012 жылы Қытайда SARS-CoV-2 генетикалық тұрғыдан жақын вирус пайда болуы мүмкін екенін айтқан еді.
Тексеру амалдарын жүргізгендер өлім қатерін әкелеуі мүмкін вирустың үлгілері Ухандағы вирусология институтында алты жылдан астам уақыт сақталған деп мәлімдейді. Олар коронавирустың бастапқыда RaBtCov / 4991 деген атпен зерттелгенін, содан кейін ол RaTG13 деп өзгертілгенін айтады, ал зерттеушілер оның 2012 жылы басталуымен байланысты болуы туралы үндемеген.
8 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусты қытай зертханасының біліксіздігінің нәтижесінде зертхана аумағынан шығып кеткен деп болжаған болатын. Сәуірдің ортасында американдық Fox News телеарнасы коронавирустың жаңа түрін жұқтырған алғашқы пациент Ухань вирусология институтында зертхана қызметкері болғанын хабарлады.