Ухань қаласынан эвакуацияланған қазақстандықтар үшін карантин аяқталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантиннен шыққандардың барлығын тұрғылықты мекенжайлары бойынша қосымша бақылауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Екінші ақпан күні Ухань қаласынан эвакуацияланған 83 қазақстандық пен шетелдік азаматтар үшін карантин аяқталды.

Қазақстан екі апта бұрын коронавирус тараған Қытай қаласынан 83 қазақстандық (олардың 80-і – студент), бес Беларусь азаматы мен бір Армения азаматын әкелген болатын.

Бұған қоса, 18 қырғызстандықты эвакуациялады, оларды арнайы бортпен Бішкекке жіберді.

Қазақстанға келгендер астананың көпсалалы ауруханасы жанындағы арнайы бөлінген инфекцияға қарсы корпуста 14 күндік карантинде болды. Бұл аурухана Нұр-Cұлтан қаласынан жеті шақырым жерде орналасқан.

Елорданың денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сәуле Кисикованың айтуынша, пациенттердің халі қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, олар ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантинттен шыққандардың барлығын тұрғылықты мекенжайлары бойынша қосымша бақылауды тапсырды.

 



sputniknews.kz