UFC турниріне алғаш рет шыққан этникалық қазақ жігіті жеңіске жетті — новости Казахстана

0

Ресейде тұратын этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымында өткізген бірінші жекпе-жегінде жеңімпаз атанды деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC турнирінде бірінші рет өнер көрсеткен этникалық қазақ жеңіске жетті

Фото: Вести.кз

Исмағұлов пен австралиялық Алекс Горджес арасындағы жекпе-жек Австралияның Аделаида қаласында UFC Fight Night 142 турнирі аясында өтті.

Үш раундта аяқталған кездесуде төрешілердің шешімі (30-25, 30-26 және 30-26) бойынша Исмағұлов жеңімпаз атанды.

Дамир октагонға қазақша әнмен және Ресей және Қазақстанның туларымен шықты.

Айта кетерлігі, 23 жастағы Горджес бірінші рет жеңілді. Ол бұған дейін жеті рет кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен.

Орынборда дүниеге келген Исмағұлов тарихи отанында өткен жарыстарда Қазақстан туымен шығып жүрді. UFC ұйымына өткенген дейін ол M-1 Global ресейлік промоушеннің чемпионы болды.