UFC спортшысы қарсыласын 4 секундта нокаутқа жіберді

Спорт
Қысқа сілтеме алу
Америкалық Шон Дюкре аралас жекпе-жек тарихындағы ең қысқа кездесудің бірін өткізді
НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. ММА спортшысы қарсыласын небәрі 4 секундта нокаутқа түсірді. Жекпе-жек видеосы Fury Fighting Championship 34 турнирінің Facebook-тегі парақшасында жарияланған.
Америкалық Шон Дюкре қарсыласын тіземен ұрып, нокаутқа түсірді. Жекпе-жек 4 секундта аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Интернет қолданушылар мұны айдың үздік соққысы деп атады. Дюкренің жекпе-жегіне UFC-дің әйгілі спортшылары да жоғары баға берді.
sputniknews.kz