UFC: Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кім екені белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім екені анықталды. Бұл туралы Red Corner MMA арнасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz.
UFC-дің үздік және жеңілмеген қазақ файтері Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) UFC чемпионатының бұрынғы иегері нигериялық Камару Усманға қарсы жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, UFC 310 турнирінде Шавкат қазіргі жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммедпен күресуі керек еді. Алайда, американдық-палестиналық жауынгер денсаулығына байланысты жекпе жектен бас тартуға мәжбүр болды.
Көп ұзамай бірнеше файтер, соның ішінде Камару Усман да Рахмоновпен күресуге дайын екендіктерін мәлімдеді.