UFC файтері Полиана Виана тонаушыны сабап тастады

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

50 0 0

Тонаушы спортшы қыздан қатты қорқып, полиция шақыруды сұрап жалынған

АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Аралас жекпе-жек шебері Полиана Виана тонаушыны соққыға жықты. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында UFС президенті  Дана Уайт жазған.

«Сол жақта Полиана Виана, біздің файтерлердің бірі. Оң жақта – оны тонауға тырысқан ер адам. Оңбай қателескен екен», — деп жариялады Уайт.

Жуырда «Темір ханым» деген атпен белгілі 27 жастағы Полиана Виана Рио-де-Жанейро қаласындағы үйінің жанында такси күтіп тұрады, сол сәтте оған бейтаныс ер адам жақындаған. Ол әуелі сағат сұрап, жауабын алған соң кетпей қояды. Ер адам қыздың телефонын талап етіп, қарумен қорқытқан.

«Ол қолын қаруына қойды, бірақ сақ тұрмағаны көрініп қалды. Мен оны екі рет қолмен ұрып, бір рет тептім»,  — депті қыз MMA Junkie басылымына берген сұхбатында.

Кейінірек Виана қарудың өтірік екенін байқайды, тонаушы қалтасына тапаншаға ұқсас картон қағаз салып алыпты. Қыздың айтуынша, ер адамның қатты қорыққаны сонша, тағы таяқ жемес үшін полиция шақыруды сұраған.

Виана кәсіби рингте он рет жеңіске жетіп, екі-ақ рет қана ұтылған.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/