UFC 2018 жылдың ең үздік жекпе-жегін анықтады — Спорт

0

UFC Тони Фергюсон мен Энтони Петтистің жекпе-жегін 2018 жылдың үздігі деп таныды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Петтис оң қолының сынуына байланысты екінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты, сөйтіп, Тони Фергюсон жеңді. Жекпе-жек 6 қазанда Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегордың жекпе-жегі алдында өтті.

Сонымен қатар, UFC-де жұдырықтасатын ресейлік файтер Забит Магомедшариповтың ауырту тәсілі 2018 жылы үздік деп танылды. Бұл туралы ұйымның Twitter-аккаунттінде жарияланған.

UFC 228 турнирінде Магомедшарипов америкалық Брэндон Дэвисті аяғына ауырту тәсілін қолданып жеңген. UFC-де бұл тәсілді 2018 жылдағы ең мықты деп таныды.

Ресейлік UFC-де 2017 жылдан бастап жұдырықтасып келеді. Ұйымдағы төрт жекпе-жегінің барлығында жеңген. Келесі кездесуін спортшы 2 наурыз Джереми Стивенске қарсы өткізеді. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz