УЕФА Конференция лигасы: Астана Челсиге есе жіберді
«Астана» футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясындағы кезекті матчын өткізіп, жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елордалық «Астана» командасы УЕФА Конференция лигасы аясында бесінші ойынын өткізіп, тағы да жеңіліске ұшырады. Өз алаңында лондондық «Челси» командасымен кездесіп, англиялық клубқа қарсы еш қауқар көрсете алмады. Алматының Орталық стадионында өткен матч 1:3 есебімен аяқталды. “Челси” сапында Марк Гиу (14- минут және 19-минут) көзге түсіп, дубль авторы атанды. Сондай-ақ Ренату Вейга 39-минутта гол соғып, есепті 3:0 жеткізген еді. Ал алаң иелері сапынан Марин Томасов 45-минутта гол салса, есеп айырмасын бір голға қысқартты.
Айта кетейік, енді “Астана” футбол клубы соңғы матчын 19 желтоқсанда кипрлік “АПОЭЛ” командасына қарсы өткізеді.