Удай мас болдым: Танымал актер неліктен 4 күннен кейін ажырасып кеткенін түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары
Танымал актер Николас Кейдж сүйіктісі Эрика Койкеге удай мас күйінде үйленгенін айтты.
Бұл туралы Fox News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Еске сала кетсек, Николас Кейдж бен Эрика Койкеге 23 наурызда Лас-Вегасте неке куәлігі берілген еді. Алайда арада төрт күн өткеннен кейін актер құжатты жоққа шығаруды талап етті. Ол Эрикаға үйленуге келіскен кезінде удай мас болғанын айтты.
Актер некені жоққа шығару туралы арызда өзіне «әрекеттерін түсіну мүмкіндігі жетіспегенін» көрсеткен. Ол жүріп жүрген қызының отбасын құру туралы ұсынысын қабылдаған кезде қызбалық танытқанын және бұл шешімнің салдарын саралай алмағанын айтады.
Сонымен қатар 55 жастағы актер Койкені айыптап шықты. Айтуынша, әйел өзінің қылмысқа толы өткенін жасырып жүр. Сондай-ақ, актер Койке тұрмысқа шығуға келіскен кезде мас болғанын айтты.
stan.kz