Учаскелік дәрігерлердің жалақысы көбейеді

0

«Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың кезекті Жолдауы – төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын­дағы Қазақстанды жүйелі жаң­ғы­р­ту шараларының нақты бағдар­ламасы. Денсаулық сақтау саласы бо­йынша Елбасы бірқатар басым бағыттарды анықтады, оның ішін­де ме­дициналық көмектің қол­жетімділігі мен тиімділігін арттыру, әсіресе ауыл­дық жерлерде, аурулардың алдын алу және емдеуде жаңа технологияларды қолдану мәселесіне басымдықтар берілуде», деді ол. 

Мемлекет үшін тиімділігі аз және шығыны көп диспансерлік ем қол­данудан, негізгі созылмалы ауруларға қашықтан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаториялық емдеу арқылы бас­қаруға көшу қажеттігі пайда болуда.

Заманауи денсаулық сақтау қыз­меті қымбат стационарлық емделуге емес, аурулардың алдын алуға көп көңіл бөлуі керек. Саламатты өмір салтын на­сихаттай отырып, қоғамдық ден­саулық сақтауды басқаруды заман талабына сай жетілдіруге, жастардың репродукциялық денсаулығын қорғау мен күшейтуге ерекше назар аударылмақ.

«Алдын алу медицинасы – ХХІ ғасырдағы денсаулық сақтаудың негізгі тренді. Ақпараттық жүйе­лерді, мо­бильді цифрлы қосым­ша­ларды бірік­тіру, электронды денсаулық пас­пор­тын енгізу, ме­ди­­циналық құжат­таманы қағаз­сыз жүргізуге көшуді қол­дана отырып,­ ден­саулық сақтау сала­сындағы қыз­­меттерді барынша жақсартуымыз қа­жет», деді ол. 

Елімізде мемлекеттің және жұ­мыс берушінің ортақ жауап­кершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік ме­ди­циналық сақ­тандыру (МӘМС) жүйесіне кезең-кезеңімен көшу жал­ғасуда. Оны енгізу қажеттілігі заманауи шындыққа сәйкес келіп отыр және әлем­дік озық тәжірибелер арқылы дәлел­денуде.

Халық санының өсуі және өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз ету шаралары медициналық қызметті тұтыну көлемінің артуына әкелді. Сондықтан Мемлекет бас­шысы өз Жолдауында денсаулық сақ­тауға жұмсалатын шығындарды ІЖӨ-нің 7 пайызынан 10 пайызына дейін көтеру туралы нақты тапсырма берді. Осыған орай ха­лыққа қызмет көрсетудің сапасы айтарлықтай артуы тиіс.

«Халыққа қызмет көрсетудің са­па­сын айтарлықтай арттыру және ме­­дицина қызметкерлерін осы іске ын­таландырудың жолдары белгіленді. Осының бір шарасы ретінде 2019 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап ауруларды басқарудың жаңа әдістерін енгізген учас­­келік медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға кезең-кезеңімен өсірілмек. Бұл үшін биыл 5 млрд теңге бөлінеді», деді Ш.Баймағамбетов.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/