ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

0
47

Қазақстандық түлектер коронавирус індетінің таралуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға мәжбүр болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелер, медициналық пунктер, санитайзерлер, маскалармен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста  белгілі болды, деп хабарлады primeminister.kz.

Вице-премьер қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҰБТ-ны өткізудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары бойынша нұсқаулық әзірлеу қажет екеніне, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау, оқушыларды тестілеу орындарына жеткізудің қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға назар аударды.

«Ұялудың еш қажеті жоқ»: министр бірден грантқа түсе алмағанын айтты 

Отырыс қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов бірнеше нақты тапсырма берді.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл ҰБТ-ны 131 мыңнан астам түлек тапсырады. 150 өткізу орны белгіленген.

ҰБТ 2020: қашықтықты сақта

Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді қалай тапсыратынын айтты.

Министрлік абитуриенттер арасында ара қашықтықты сақтау үшін әуежайлардағы секілді баррикадалық ленталарды пайдалануды жоспарлап отыр.

Балалар арасындағы арақашықтық анық көрсетіліп белгіленеді. Аудиторияда тест тапсыратындар саны кем дегенде екі-үш есе қысқарады.



sputniknews.kz