ҰБТ-дан биыл ең жоғары балды кім алды

0

Кентаулық түлек Айдос Қожанов ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 138 бал жинады, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің сайты хабарлады. ҰБТ-дағы ең жоғары бал – 140.

Айдос Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінде 10 жыл оқыған. Ал 11-ші сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Болашақта ол математика пәнінің мұғалімі болуды жоспарлап отыр.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысу үшін Түркістан облысынан 27 340 оқушы өтініш берген. Ғылым және жоғары білім министрлігі жұма күні 2024 жылғы ҰБТ-ның аралық нәтижелерін жариялаған еді.

Тестті өткізушілер 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетінін еске салды. Тыйым салынған заттарды пайдаланып, ережелер бұзылған жағдайда тест нәтижесі жойылады.