ҰБТ-дан 1 балл жинаған қазақстандық 10 шетелдік университетке шақырту алды

Биыл ҰБТ-дан 1 балл жинап, елді шулатқан Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Жазбада Ерасыл барлық шақырулардың скриншоттарын көрсетті.
- Özyeğin University: Жасанды интеллект
- OSTİM: Авиация және ғарыш техникасы
- Final University: Стоматология
- Antalya Bilim University: Сәулет
- World Peace University: Бағдарламалау
- Domus University: Ойын дизайны
- KOSTU: Бағдарламалау
- Вeykent University: Актерлік шеберлік
Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарлаған едік.
Кейінірек Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ерасыл Уәлиевтің екі рет — 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін мәлімдеді.
«12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн», — деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.