ҰБТ-да шпаргалкамен ұсталған түлектер ақылы тестілеуге де жіберілмейді — Қазақстан жаңалықтары
ҰБТ-да болатын талаптар жайлы қалалық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Ермекбаева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«ҰБТ өткізуді арнайы мониторинг тобының мүшелері бақылайтын болады. Артық ақпарат алуға болатын заттар, смартфондар, шпаргалкалар табылған жағдайда оқушы тестілеуден автоматты түрде шығарылады. Тіпті одан кейін ақылы түрде тапсыруға да рұқсат берілмейді», — деді департамент басшысы онлайн брифинг барысында.
Гүлнара Ермекбаева Алматыда ҰБТ-ға 14972 түлек қатысатынын мәлімдеді. Оның 9044-і мектеп түлектері болса, қалғаны – орта кәсіптік білім беру орындарының түлектері.
Мектеп бітіру туралы аттестат 3-4 маусымда мектеп қабырғасында тапсырылады.
Департамент басшысы ата-аналарға балаларының қасына еріп келмеуге кеңес берді.
Қалада 545 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.
stan.kz