«Уақытша нәпсіге алданбаңыз»: Жарқынай Ханайым отбасылы азаматтармен кездесетін арулар туралы айтты
Актриса әрі әнші Жарқынай Ханайым желіде оқырмандарымен сырласып, қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыпқа қатысты өз пікірін айтты. Өнер иесі бойжеткендердің отбасылы ер азаматтармен қарым-қатынас құруына қандай көзқараста екенін ашық жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жарқынай Ханайымның оқырмандарының бірі өз басынан өтіп жатқан жағдайды бөлісті. Бейтаныс бойжеткен бүгінде отбасылы ер адаммен кездесіп жүргенін жазған. Алайда азамат сүйіктісі үшін балаларын тастап, отбасынан кете алмайтынын айтқан. Махаббат арбауына түсіп қиналған қыз актрисадан кеңесін сұрапты.
Жарқынай Ханайым бойжеткенге бұл жайында не ойлайтынын түсіндіруге тырысты. Сөзінше, ер адам кеткісі келсе де, қалғысы келсе де сылтау табады. Оны баламен ұстау мүмкін емес дейді ол.
«Қыздар осыған сенесіздер ме? Ер адамды баламен ешқандай әйел ұстаған емес. Ер адам кетем десе де сылтау табады, қалам десе де сылтау табады. Ер адамның уақытша нәпсісіне алданудың қажеті жоқ. Жас қыздарға таң қалам. Үйленген еркек бір әйелді бақытсыз етті, енді сізді бақытты етеді деп ойлайсыз ба? Ол әйелдің көз жасы жерде қала ма? Қаншама жас жігіттер бар емес пе? Әйелі де кезінде сіз сияқты сүйкімді болған. Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шықты? Әйелдер бір-бірінің жанұясын құртатын заман болды-ау. Әйелдер биік болмай, намысшыл болмай, отбасының бұзылуы көбейе береді. Менің көзқарасым осы», — деп жазды Жарқынай Instagram парақшасында.