«Уақыт созып жатыр»: сарбаз Ербаян Мұхтардың адвокаты сараптама қорытындысын ала алмай жүргенін айтты

0

Ұлттық ұлан қатарына әскерге алынып, мүгедек болып оралған 22 жастағы сарбаз Ербаян Мұхтардың адвокаты Инга Иманбай іс бойынша сараптама қорытындысын ала алмай жүрегінін айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Инга Иманбайдың айтуынша, сараптама қорытындысы дайын, алайда тергеушілер қорытындыны бермей жүрген көрінеді.

«Негізі сараптама әлдеқашан дайын болған. Бірақ, тергеуші оны екі күн бұрын ғана маған айтып, кеше сараптамамен танысуым керек еді. Мен тергеушімен келіскен уақытта күттім, ол қоңырауға жауап берген жоқ. Кеш болып кеткесін ватсапқа хабарлама жаздым. Жауабы маған сылтау, уақыт созу сияқты көрінді», – делінген заңгердің желідегі жазбасында.

Адвокат тергеудің әділдігіне қатысты күмәні күшейгенін айтады.

“Дайын тұрған сараптамамен таныстырудың несі қиын? Сондықтан, іс бұрмаланып, кінәлілер, Ербаянды осы күйге жеткізгендер жазасыз қала ма деген күмәнім күшейді. Сондықтан, жағдайды осы жерге ашық жазып, тергеуден, құзырлы органдардан жауапты ашық талап етемін», – делінген жазбада.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтар ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комаға түсті. Әскери бөлім басшылығы сарбаздың туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлап қалғанына сенбейді.  Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды.

https://smartnews.