Уәлихан Бейсенқұлов нокаутқа түсті — видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бұған дейін былғары қолғап шебері кәсіби рингтегі тоғыз кездесуін жеңіспен аяқтаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде — Sputnik. Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген қазақ боксшысы Уәлихан Бейсенқұлов (9-0, 9 КО) кәсіпқой бокстағы оныншы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Мәскеудегі Korston Club-тағы бокс кеші аясында жекпе-жекке шыққан. Бейсенқұлов бұл кездесуде жергілікті бокшсы Артуш Саркисянмен (5-7, 3 КО) титул үшін жұдырықтасуы тиіс еді. Он раундтық жекпе-жектің үшінші раундында ресейлік нокаутпен жеңіске жетті. Ол әуелі қазақстандықты нокдаунға түсіріп, артынша жағынан жойқын соққы жасаған болатын.

Осылайша Артуш Саркисян IBA Asia чемпиондық белбеуін қанжығасына байлады.

Тағы оқыңыз: Күтпеген жағдай: қазақстандық боксшы алғаш рет жеңіліс тапты — видео

 

Айта кетсек, 2018 жылдың ақпанында кәсіпқой боксқа келген Уәлихан Бейсенқұлов бұған дейін тоғыз кездесуде қарсыластарын нокаутмен жеңген еді.



sputniknews.kz