ТЖМ академия курсанты бала зорлады деген күдікке ілінді

0

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) академиясының курсанты кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді.

«Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орнатылды, ұсталды және қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті Көкшетауда орналасқан ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанты екені белгілі. Мұнда болашақ құтқарушы офицерлер дайындалуда.

Оқу орнында қызметтік тексеру басталды.

фото: kti-tjm.kz