«Тыржалаңаш далада тұратынбыз» — 5 ұлым тастап кетті деген әйелдің немересі

0

Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны Сәрсенкүл Прекешова 60-тан асқан шағында жалғыз қалды. Айтуынша, қазір 5 ұлы, 16 немересі бар екен.

Koremiz ток-шоуының хабарлауынша, ұлдары «аналарынан теріс айналып», әр жаққа кеткен. Тіпті, үлкен ұлы қолына алудың орнына, кетерінде анасының қолын сындырған көрінеді.

Сәрсенкүл Прекешованың айтуынша, балалары өзін басындағы баспанасын бермегені үшін керексіз етіп, тастап кеткен көрінеді. Ал осы жайтқа қатысты хабарласқан тілшілерге олардың ешқайсысы жауап бермей қойған. Тек жалғызбасты ананың бір немересі Гүлшат Кеулімжанова ғана мән-жайды ашып айтуға келіскен.

«Әжем бізді ұратын. Жаман сөздер айтып, ұрсатын. Бізді түнде қуып жіберетін. Тыржалаңаш далада, жаңбырдың астында тұрамыз. Ішетін. Өмір-бақи ішіп келе жатыр. Атама қанша қорлық жасады. Өлгенше қорлық жасап келді. Үйде кенже баласымен бірге тұрды. Бірақ түнгі 2-3-терде әжем араққа тойып алып, баласы мен келінін үйден қуып жіберетін», — деп жылады немересі.