тыңдармандары Димаш Құдайбергенге қолдау білдірді

0
Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

361 0 0

Қазақстандық әнші Наурыз мерекесі кезінде Мәскеудің төрінде жеке ән кешін өткізеді

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасы арқылы Ресейдегі концертіне дайындығының қалай жүріп жатқанын көрсетті. Әндерін отандық аранжирлеуші Ерлан Бекчуриннің көмегімен өңдеп жатыр. 

2019 жылдың 22 наурызында Димаш Құдайберген Ресей Федерациясының мемлекеттік Кремль сарайында жеке ән кешін өткізеді. Аталған концертті белгілі сазгер Игорь Крутой мен «ДимашӘли» шығармашылық орталығы ұйымдастырып отыр.

Әнші желідегі парақшасы арқылы осы концертіне дайындығының қалай жүріп жатқанын көрсетті. Айтуынша, әндерінің басым бөлігін өңдеуге досы Ерлан Бекчурин көмектесіп жатыр.

«Мәскеуде кездескенше. Дайындық өте қарқынды жүріп жатыр. Сіздерді таңғалдыруға тырысамыз. Ең мықты аранжирлеуші, менің ағам, мақсаттасым — Ерлан Бекчурин. Әнді таныдыңыздар ма? Аққуым», — деп жазды Димаш Құдайберген видеоның тұсына.

Майра Ілиясова: Ринаттың Димашта шаруасы болмасын

Ал желі қолданушылары өз кезегінде әннің ғажап екенін айтып, концертті асыға күтіп жүргенін жарыса жазды.

«Жаным, жан балам! Айды аспаннан бір-ақ шығаршы! Біз тілектеспіз! Ең керемет концерт болатынына сенімдімін. Тек Алла денсаулық берсін. Тіл-көзден сақтасын. Самға! Талма! Алға, Димаш», «Димаш, халқына осындай талант сыйлаған ата-анаңа рахмет! Ұзақ әрі бақытты өмір сүріңіз!», «Концертке баратын күнді асыға күтіп жүрмін. Рахмет!», «Сіздер секілді өз кәсібінің шеберлері тұрғанда концерттің жоғары деңгейде өтетініне күмәнім жоқ. Тек алға! Сәттілік тілеймін», «О, Құдай бізді естіді ме? Ал Димаштың естігені анық. Концерттің өтуіне небәрі 2 айдың қалғаны рас па?» деп жазды желі қолданушылары.

Сондай-ақ, желі қолданушылары видеодағы қай ән екенін табуға тырысты.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/