Тыңдамаса тіс шұқығыш тыққан: Балаларға қатігездік көрсеткен тәрбиешілердің былығы ашылды

0

Қытайдың Ляонин провинциясында балабақшаның үш тәрбиешісі балаларға зорлық-зомбылық жасаған деген күдікпен қамауға алынды.

 

Ол қызметкерлердің балабақша тәрбиеленушілеріне тіс шұқығыш шаншып, тыққаны белгілі болды. Шэньян қаласының полиция бөлімшесіне жалпы 15 баланың ата-анасы осындай негізде шағым түсірді. Қазір білім беру мекемесіне қатысты тексеру жүргізілуде.

Ал шағым түсірген ата-аналардың бірі тілшілерге оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Айтуынша, балалар тамағын тауыспаса, демалыс уақытында аунап, ұйықтамаса немесе нашар билеген болса, тәрбиешілер балалардың денесіне тіс шұқығыш тығып, жазалаған.

Тағы бір ата-ананың сөзінше, мекеме басшылығы бұл жағдайды жасыруға тырысып, балаларды жарақаттарын емдету үшін медициналық пунктке жіберіп, укол салдыртқан екен. Ал, ондай инеден кейін балалардың денесінен қан аққан.

Қатігез тәрбиешілер бұнымен қоймай, егер олар ата-аналарына айтып, шағымданатын болса, балаларды бұдан да қатты жаза күтіп түр деп қорқытқан.

Бірақ, ата-аналардың бірі баласының басқа балаларға тіс шұқығыш тығып жатқанын көріп, күдіктенген. Сонда баласы оған тәрбиешілердің әрекетін қайталап жүргенін түсіндірген.
Алайда, балабақша басшылығы бұл айыптауды жоққа шығарып, тергеуге бақылау камераларына түсірілген жазбаларды ұсына алатынын мәлімдеді.

Источник: Stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз