«Тым қатаң жаза тағайындалды»: Арман Жұмагелдиевтің адвокаты қазақстандықтарға үндеу жасады
Қаңтарды оқиғасын ұйымдастырды деп сотталған Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Елена Жигаленок желідегі парақшасында үндеу жасады. Оның айтуынша, қорғауындағы азаматты әртүрлі өңірлердегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелеріне ауыстырып, олардың қорғау және әділ сот құқығын өрескел бұзған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Адвокаты Елена Жигаленоктің жазбасында 2025 жылғы 27 қаңтарда Арман Жұмагелдиевке, Қайрат Құдайбергенге, Бердах Бекетовке және басқа да айыпталушыларға қатысты үкім жарияланғаннан кейін, біздің 37 қорғауымыздағы азаматты Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі ҚАЖК басқа мекемелеріне ауыстырғаны туралы айтылған.
«Мен – Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, Елена Жигаленок Лаврентьевна. Қазір ұлттық адам құқықтары орталығында азаматтарды қабылдап отырмын. Бұл Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың кеңсесі. Мұнда өз шағымыммен келдім. Жалпы Арман Жұмагелдиев пен Арман Үсеновтың мүддесін қорғап жүрмін. Бірақ бұл шағым ортақ, өйткені бізде бір жалпы проблема бар. 27 қаңтарда Арман Жұмагелдиев пен тағы 43 адамға қатысты сот үкімі шыққанын барлығыңыз білесіздер. 37 адам сотталды. Менің ойымша, оларға шамадан тыс, тым қатаң жаза тағайындалды», – деп үндеу жасады адвокат.
Елена Жигаленоктің сөзінше, оларды қорғау құқығынан, әділ соттан айырып, азаматтардың конституциялық құқықтарын өрескел бұзды.
«Бірақ бұл ғана емес. Үкім 27 қаңтарда шамамен 12:00-де жарияланды, ал түстен кейін-ақ барлық 37 адамды басқа түзету мекемелеріне ауыстырып жіберді», – деді құқық қорғаушы.
Еске салайық, бұған дейін Қаңтар оқиғасында ұсталған Қайрат Құдайберген 8 жылға, ал Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталғанын жаздық. 27 қаңтарда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының басшылары мен қарулы тобының мүшелері, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Құдайберген Қайрат және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.