«Тыйым салынды»: Қазақстандықтарға жәндіктерді улы химикаттармен өлтіруге болмайды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті шешім денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында жарияланды.

«Сауда желілерінде және базарларда, олардың қауіптілік сыныбына қарамастан, дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынған», — делінген комbтет қаулысында.

Мұндай қаулының қабылдануына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, дезинсекциялық және дератизациялық қызметте қолданылатын уытты заттармен улану жағдайларының тіркелуі себеп болған.

2020 жылдың ақпан айында улы затпен уланудың 11 оқиғасы тіркелді, оның ішінде екеуі өліммен аяқталған – Маңғыстау облысы мен Шымкентте.

Бұл шаралар азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне зиян келтіру қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

 

stan.kz