Twitter-де аккаунт ашқан Бауыржан Байбек жағымды жаңалығымен бөлісті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

АЛМАТЫ, 8 сәуір — Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалалық қоғамдық кеңестің отырысында ел арасында наразылық туғызған «Көк Жайлау» шипажайы жобасын жүзеге асыруды кейінге қалдыруды ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бауыржан Байбек бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Айтуынша, шипажайдың қазіргі жобасы қолданысқа жарамсыз. Сондықтан оны мамандардың қайта бір пысықтауы үшін кері қайтарған.

«Алматының қоғамдық кеңесіндегі әріптестеріммен бірге талқылай келіп, «Көкжайлау» курортын салу жобасын пысықтауды және әзірше кейінге қалдыруды ұсындым», — деп жазды әкім парақшасында.

Айта кетсек, қоғам белсенділері, экологтар «Көк Жайлау» шипажайының құрылысына қарсы. Олардың басым бөлігі бұл Алматының әдемі табиғатын құрту деп санайды.

Өйткені ондайда тау бөктеріндегі біршама жасыл желек оталып, ол араны мекен еткен аң-құстарға қауіп төнбек.

Ал өз кезегінде қала басшылығы тауды адамдар игілігіне пайдалану керек деп санайды. «Шипажай құрылысы жобасында экологияға келетін зардап өте аз көрсетілген кезде ғана бұл жобаны қолға аламыз» деп елді сендіреді олар.

Айта кетсек, бүгін Алматы әкімі Байыржан Байбек Twitter-де өз парақшасын ашып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аккаунтына жазылды.



sputniknews.kz