Туыстарының үнін алғаш естіген бөбек
11 айлық Скарлет босану мерзімінен бұрын дүниеге келген. Ол антибиотиктер қабылдағаннан кейін жағдайы нашарлап, кенет есту қабілетінін айырылады
Құлаққа арналған аппарат орнатқаннан кейін анасы мен әпкесінің дауысын алғаш рет естіген сәбидің әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Скарлеттің, алдымен, әпкесін мұқият тыңдап отырып, кейін қатты күлген сәті түсірілген видео желіде лезде тарады.
Желі қолданушылары өз кезектерінде Скарлетке қарап отырып көзге еріксіз жас алғанын жарыса жазып жатыр.
Тағы оқыңыз: Мамандар сәби тілінің неге кеш шығатынын айтты
«Далаға алғаш рет шығып тұрып айналасындағы дыбыстарды мұқият тыңдап тұрды. Көліктің есігін жапқанымда ол маған бұрылып қарады. Құдды «Мама, сен мұны естідің бе?» дегендей», — дейді Кэрол Бенджамин ABCNews басылымына берген сұхбатында.
Тағы оқыңыз: Ата-анасы балаға күнде қандай сөздер айтуы тиіс?
Сондай-ақ, сәбидің анасы Кэрол Бенджамин бүгінде қызының кез келген дыбысты естіген кезде қуанатынын жеткізді.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/