Туыстарым заң бұзғаны үшін менің атымды пайдаланса, тиісті жауапқа тартылуы керек – Назарбаев

0

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Әшімбаевқа сұхбат берді, деп жазады kznews.kz сайты.

«Заң бәріне ортақ. Туыстарымның бірі заң бұзғаны үшін менің атымды пайдаланса, олар тиісті жауапқа тартылуы керек. Кінәсі сотта дәлелденуі қажет», — деді ол.

Сонымен қатар Назарбаев Қаңтар оқиғасына қатысты пікірін айтып өтті.

«Сол уақытта мен үшін түрлі қауесетке жауап беруден гөрі, біздің президентімізге қолдау білдіруім маңызды болды. Мен Президентке елдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының өкілеттігін тапсырдым. Оқиға жағдайы қиын болар еді, абырой болғанда Президенттің сенімді шешім қабылдауы оның алдын алды», — деді ол.