Түсіңізде ит көру не білдіреді?
Ит ежелден адамның досы саналады. Ал осы жануарды түсіңізде көру ненің белгісі? Sonnik сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ түсіңізде ит көргенде қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.
Егер түсіңізде ит сізге үріп, тап бергенін көрсеңіз, дұшпандарыңыз сізге қарсы бір нәрсе ойластырып жатқаны, көп ұзамай жаман хабар алатыныңыз. Ал ит сізбен ойнағысы келсе, онда адал дос табасыз деген сөз.
Артыңыздан ит қуып келе жатса, онда жаман әдетке әуес болуыңыз мүмкін. Егер кішкене иттер көрсеңіз, онда жеңілтектікке салынатындығыңыз.
Түсіңізде ит қапса, қасыңыздағы адам сізге қастық ойластырып жүр. Арық ит көрсеңіз, шаруаңыз күйреп, балаларыңыз ауруы мүмкін.
Егер ит түлкі немесе басқа аңды қуып, ұстаса, онда шынайы өмірде ісіңіз өрге домалайды деген сөз
Тұрмыс құрмаған бойжеткен түсінде үлкен ит көрсе, болашақ күйеуі текті, жетістікке жететін, абыройлы азамат болатындығын білдіреді.
Түсіңізде ит мысықты өлтірсе, онда сәтті келісімшарт жасасасыз немесе тосыннан бір қуанышты хабар алатыныңыз. Ал ит пен мысық ойнап жүріп, кенет төбелессе, сүйіктіңізбен айырылысатындығыңыз.Алайда түсіңізде араша түссеңіз, махаббатыңызды сақтап қала аласыз.
Әйел адамға түсінде мейірімді ит келіп, еркелесе, онда ол көқп ұзамай тұрмысқа шығады.
Дереккөз: kaz.nur.kz