Тұрсынбектің әйелі енесіне әсерлі жазба арнады

0
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова енесінің туған күніне ерекше құттықтау жасады, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.

«Менің енем – ең жақсы адам! Бүгін менің мамамның туған күні. Ол кісіге деген құрметімді, ықыласымды, махаббатымды бәрін бір постқа сыйдыра алмаймын.

Ене мен келін тақырыбы жыры бітпейтін тақырып қой. Қоғамда бір стеоротип әлі де бар, ене – келінге күн бермейтін жаман адам. Ене деген “бүжай”. Менің жағдайымда мүлдем басқа, Аллаға шүкір деймін. Ененің қатулы қабағын көрмеген бақытты келінмін.

Анашым – қардай аппақ көңілі бар аңқылдаған кісі. Біреуді бір жамандағанын, не болмаса біреуге бір ренжігенін көрмеппін. Сенесіз бе, адам баласына ренжімейді, мүлдем ренжімейді. Өзім де сол қасиетіне таңғалатын едім, бүгінде өзім де сондай болып келемін.

Жалпы адамның жетісттіке жетуі, бақытты өмір сүруі – ата-ананың разылығында, баласына деген сенімінде және ата-анасының ақ, адал өмір сүруінде деп ойлаймын. Тұрсекенің халықтың ыстық ықыласына бөленіп, біздің балалы-шағалы бақытты шаңырақ болып отырғанымыз осы айналайын ақ мамамыздың, әкеміздің ақ тілеуі, жақсылығы, жақсы адам болуларының арқасы. Мамамыз туралы қашан да тек мақтаулар естимін, өйткені ол кісі тек мақтауға лайық алтын жан! Менің енемдей ене әр қазақтың қызына бұйырсын!

Бар жақсы қасиетін тізіп жаза бергім келіп, бірді айтып, бірге кеттім. Ең басты айтқым келгені Менің енем – ең жақсы адам», – деп жазды Мұқанова желідегі парақшасында.