Тұрсынбек Қабатовтың комедия және сатира театры

0

Астанадағы тұңғыш комедия және сатира театры 2018 жылдың 15 қазанында елордалық әкімдіктің қолдауымен ашылды

Жас театрдың репертуарында барша әлемге танымал комедиялық спектакльдер бар. Театр ұжымы сахналаған алғашқы қойылым — Майкл Фрейннің «Театр 180» атты комедиясы. Әртістер оның кейіпкерлерін қазақша сөйлетті. Қойылымның тұсаукесері 10 желтоқсанда болды.

Астаналық комедия және сатира театры ЭКСПО көрме кешені аумағындағы «Энергия холы» ғимаратында жайғасқан.

Театрдың бас режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Кәмиев. Ұжымда 31 актер бар. Жаңа театрға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатов жетекшілік етеді.

Қабатов 1979 жылы 10 қазанда Ақпәтер (Орал маңындағы) ауылында дүниеге келген. Мектеп жасынан бастап әзілге жақын болған.

Өзінің шығармашылық жолын 2000 жылы Астанада бастады. Бірнеше жыл бойы «Астана.kz» және «Каzахи» ұлттық КВН командаларында өнер көрсетті. 2010 жылы маусымның үздік ойыншысы атағына иеленді.


©
Foto : Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Тұрсынбек Қабатов



sputniknews.kz