Тұрсынбек Қабатовты он жылға қамау керек — заңгер

0

Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек өз парақшасында былай жазды:

«Егер тарап жатқан ақпарат рас болса Тұрсынбек Қабатовты он жылға қамау керек!

Елдің алдында ақыл айтып, кейінгі кезде уағыз айтып жүрген адам мемлекеттің білім грантын алаяқтық жолмен игермекші болғаны үшін қатаң түрде жазалануы керек!

Елдегі жемқорлықты, сыбайластық жойылу керек деп әзілдеп жүріп , өзі білімді қызды сатып алып, қызының орнына кіргізу бұл енді барып тұрған қылмыс!

Заң бәріне ортақ!

Тұрсынбектің қызының кінәсі жоқ, себебі ол он сегізге толмаған!

Кінә оның ата-анасында, яғни бүкіл отбасы мүшесі үшін жауап беретін отағасында!
Елдегі сыбайласқан жемқорлықты ашық түрде айтып, жазалаған кезде жоямыз!

Бұл жерде алаяқтық бабымен қоса жалған құжат жасап, арам жолмен мемлекеттің қаржысын яғни (грантты) жеңіп алып, талан таражға салмақшы болғаны нақты көрініп тұр!

Бұл іс жазасыз қалмау керек!»