Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды

0

Ұшақ бортында бейәдеп сөздер айтқан азамат жазаланды. Стюардессалардың жұмысына сын айтып, ескерту жасаған. 

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сүйенсек, айыпталушы — әзілкеш, актер, тележүргізуші Тұрсынбек Қабатов.

Оның кінәсі дәлелдермен айғақталды.
Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамға қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі).

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.

фото: ulysmedia.kz