Тұрсынбек Қабатов «Абырой» атты жаңа саяси партия құрмақ
Қазақстандық әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов «Абырой» атты жаңа саяси партияны құруды жоспарлап отыр.
КВН жұлдызы ұлты мен дініне қарамастан Қазақстанның барлық тұрғындарының басын біріктіруге ниетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, партия бағдарламасында өзге міндеттердің қатарына бірліктің бірегей қазақстандық моделін сақтап қалу және арттыру, елімізде өмір сүретін барлық халықтардың арасындағы берік достықты күшейту кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа «Абырой» партиясы Тұрсынбек Қабатовтың саясатқа келуге жасаған алғашқы әрекеті емес. 2021 жылғы маусым айында танымал әзіл-сықақшы өзінің Instagam парақшасындағы жазылушылардан «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысу бойынша пікірлерімен бөлісуді сұраған. Жазылушылардың көпшілігі оның бастамасын қолдады.