«Тұрсынбек», «бір орын 750 мың теңге». Қызылорда облысының әкімі Алматыда ұлына дүркіретіп той берді

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақүйінің мейрамханасында ұлының үйлену тойын дүркіретіп атап өткен.

Egov_info telegram каналының мәліметінше, мейрамханада 6 адамға бір сағат қызмет көрсету бағасы 750 мың теңге. Тойға 200-ге жуық адам жиналған.

«Ресторан арендасы тәулігіне 12 млн теңге тұрса, залды безендіруге 27 млн теңге кеткен. Сахна әзірлеуге 1 млн жұмсалған. Әртістердің гонорары бөлек берілген. Тойды белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов басқарған. Оның гонорары кемі 10 мың доллар тұрады, делінген хабарламада.

Тойға келгендер қатарында Нәлібаевтың ағасы, экс-шенеунік Бердібек Сапарбаев та байқалады.