Тұрмысқа шықпайынша жасауға болмайтын 10 іс
Оған немесе оның отбасына қарызға ақша беру
Қарым-қатынасты құртудың бірден-бір амалы — қарыз беру немесе алу. Әрине жігітіңіз ақшаны мейлінше тез қайтаруға тырысады, алайда оған мүмкіндігі бола алмай қалуы мүмкін. Араңызда түсініспеушілік орнап, ақша қайтарылмағанша жайсыздық сезінесіздер.
Ортақ несие алу/депозит ашу
Қандай да бір ортақ қажеттіліктермен несие алып не депозит аштыңыз делік. Қарым-қатынастарыңыз қандай берік болса да, ол тұрақтылыққа кепіл бермейді. Уақыт өте сезімдеріңіз суып, айырылыса қалсаңыз, ақшаны кім төлеп, кім алады? Өте ыңғайсыз жағдайды қаламасаңыз, бұндайдан аулақ болыңыз.
«Маған күйеу ме едің?»
Жалпы неке тақырыбын қозғай беріп, қандай да бір қыспалықтар жасамаңыз. «Не үйлен, не айырылысамыз!», «Бұндай тақырыпты сақина сыйлағаннан кейін қозғаймыз» деген сөздерден абай болыңыз.
Болашақ балаларыңызға есім ойлау
Әрине бұл өте романтикалық, еш жамандығы жоқ іс болып көрінеді. Алайда қарым-қатынастарыңыз тойға дейін жетпей қалса, «Арамызда бәрі сондай жақсы еді, тіпті болашақ балаларымыздың есімдерін ойластырып жүрген едік…» деп күрсініп қаласыз.
Жігіттің мәселелерін шешу
Өмірлік тәжірибесі мол адамдар «Жігіттің қиындықтарын шешуге бір кіріссең, өмір бойы шыға алмайсың» деп айтады. Жігітіңізді «жаман үйретпей» өз істерімен өзінің айналысуына мүмкіндік беріңіз.
Жігіттің өзіңізді өзгертуіне жол бермеңіз
«Дала суық, бас киім ки», «Түнге дейін интернетте отырма!» деген жігіттің сөздері өте қамқоршыл, құлаққа жайлы естіледі. Ал «Құрбыларыңмен араласпа!», «Осы мағынасыз әндерді тыңдама!», «Жұмысыңды ауыстыр!» сынды кеңестер сіздің жеке өміріңізге нағыз қол сұғушылық. Бір рет өзіңізді өзгертуге жол берсеңіз, өз «меніңізді» жоғалттым дей беріңіз.
Жігіттің қызығушылықтарын биік қоймаңыз
Көптен күткен демалыстарыңызда ұйқыны қандырып, асықпай үйдің дәмді тағамын ішіп, жігітпен романтикалық кездесуге барып-келуді жоспарлап қойып, оның орнына жігіттің сұрауымен соның достарымен шулы кеште отырсаңыз, ойланыңыз. Өз қызығушылықтарыңызды одан кем қойсаңыз, өмірден қалайша рахат алып, бақытты боласыз?
Өздеріңізді үйленген жұптай көру
Оның отбасымен танысып, анасын «ана» деп, үйінде кешкі ас пісіріп жүрсіз бе? Сол үйдің болашақ келіні болсаңыз да, бұндайға бармаған жөн. Қандай да бір себептермен айырылысып қалсаңыз, көңіліңіз қандай болмақ?
Өмір — қызық, ертеңі белгісіз, сиқырлар мен тосын сыйларға бай, мың бұралған жол. Әрине осы жігіт сіздің жан жолдасыңыз, өмірлік жарыңыз болуы әбден мүмкін. Алайда кейбір істерге тойдан кейін де уақыт бар.
Дереккөз: Reactor
http://inform.kz