Тұрмысқа енді шыққан қалыңдық той біткен соң көз жұмды
Үндістанның Адьяр қаласында тұрмысқа жаңа шыққан қалыңдық кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
23 жастағы Лайла Афия есімді бойжеткен өзінің ағасының тойында жеміс сатушысына тұрмысқа шыққан. Жастарды құттықтауға жүздеген адам жиналған.
Той аяқталған соң қалыңдықтың туыстары мен достары оның үйіне мерекені жалғастырмақшы болып барады. Куәгерлердің сөзінше, Афия көппен бірге қуанып жүрген. Алайда біраз уақыттан соң кейде тұсындағы ауру жайлы айтып, талып қалады.
Әкесі бойжеткенді дерек ауруханаға жеткізгенімен дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Мамандар қыздың өліміне жүрек талмасы себеп болуы мүмкін екенін жеткізген.