Түрмедегі Марат Жыланбаев Қазақстанның омбудсменімен шұғыл кездесуді талап етті

0

Астанада сотталған супермарафоншы Марат Жыланбаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың түрмеге келуін талап етеді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Белсенді Бақытжан Төреғожина түрмеде жазасын өтеп жатқан Марат Жыланбаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевпен шұғыл кездесуді талап ететінін айтты. Ол әлеуметтік желілерде Жыланбаевтың мәлімдемесін жариялады.

Хатта Жыланбаев өз жазасын өтеп жатқан түзету мекемесінде қызметкерлерден қауіп төніп тұрғанын жазған.

– Сізден шұғыл түрде келуіңізді сұраймын. Мен сізге құқық қорғаушылардың қорғауының қажеті жоқ деп бұрын жазған болатынмын. Мәжбүрлегендіктен жаздым, — деді Жыланбаев.