Түрмеде қарауыл болған: Өзіне оқ атқан жауынгер туралы тың ақпарат шықты

0

Қазақстан қарулы Күштерінде тағы да қайғылы оқиға. Оралда қатардағы жауынгер өзіне «Калашников» автоматынан оқ атып, көз жұмды.

Сұмдық жағдай Ұлттық ұланға қараст №5517 әскери бөлімінде бүгін таңғы сағат 5-30-дар шамасында болған. Дереу облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, дәрігерлер барын салғанымен оны құтқара алмады. Басынан ауыр жарақат алған жауынгердің демі түске таман үзілген.

Әскери бөлім басшылығы тергеу құпиясы дегенді алға тартып, артық ақпарат бермеуде. Белгілісі, 2000-шы жылы туған сарбаз әскерге Ақтөбе облысынан шақыртылған екен. Өткен түнде қаладағы жазасын өтеу мекемелерінің бірінде қарауылда болыпты. Оның өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

ЖӘНІБЕК СӘРСЕНОВ  №5517 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда әскери гарнизон тергеу органдарымен тергеу жүріп жатыр. Әзірге басқа ақпарат жоқ».