Түрме 23 жыл жазықсыз отырған ер адамға қомақты ақша берілді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ламонт Макинтайр сотталған кезде 17 жаста болған. Ол адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып өмір бойына бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Жасамаған қылмысы үшін 23 жылын түрмеде өткізген Американың Канзас штатының тұрғыны Ламонт Макинтайрға 1,5 миллион доллар берілді, деп хабарлайды Unilad басылымы.

Ламонтқа 1994 жылы екі адам өлтірді деген кінә тағылып, сотталған. Түрмеде 8 583 күнін өткізген ер адам 2017 жылы бостандыққа шықты. Ол кезде Ламонт 41 жасқа келген. Өмірінің жартысын темір тордың ар жағында өткізді.

2019 жылы Ламонт Канзас штатына қарсы арыз жазып, мемлекеттер моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап еткен.

 



sputniknews.kz