Түрлі түсті орамалдар, салыстыру

0
Технологиялық карта
Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Түрлі түсті орамалдар
Мақсаты: Заттардың түстерін айыра білу, екі топтағы заттарды салыстыру.
Қажетті көрнекі құралдар: түрлі түсті орамалдар және суреттер, санау материалдары, салыстыруға арналған заттар тобы
Әдіс — тәсілдер: практикалық, сұрақ — жауап, демонстрациялық.

Мотивациялық қозғаушы
Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:
— Балалар, мына суретте не көріп тұрмыз? Ал олардың түстері қандай?

Ұйымдастырушылық — ізденістік Педагог төменгі сөреге 4 аю, ал жоғарғы сөреге 5 тиін қояды.
Балаларға мынандай сұрақ қояды:
«Аю қанша? Тиін нешеу? Қайсысы көп (аз): аю ма, әлде тиін бе? 5 аз ба, әлде 4 аз ба? Олардың саны тең болу үшін не істеу керек?»
Педагог балалардың айтқан ұсынысын орындайды. 1 тиінді алып тастайды, олардың теңескенін 1 аюдың астына 1 тиінді қою арқылы суреттердің теңескенін көрсетеді. Содан соң 1 аю қосу арқылы теңестіру тәсілін көрсетеді.
«Аю қанша болса, тиін сонша» деген сөзді қолдануға үйретеді.
Педагог балаларға тақия мен етіктерді санап шығуды тапсырады.
— Тақия нешеу? Етік ше?
— Қайсысы артық, қайсысы кем? («Артық», «кем» сөздерін қолдануға уйрету).
— Тақия мен етікті саны жағынан теңестіру үшін не істеу керек?
Балалар етіктің суретін салып бояғаннан кейін, педагог етікпен тақияның теңескенін, яғни 5 етік5 тақия болғанын түсіндіреді.

Педагог балалардан төмендегі сөйлемді аяқтауды аяқтауын өтінеді:
— Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды… жасаймыз.
— Таңғы асты таңертең, ал түскі асты… ішеміз.
— Түскі асты күндіз ішеміз, ал кешкі асты… ішеміз.
— Кешке тамақ ішеміз ал… ұйықтаймыз.
— Енді тәулік бөліктерін рет — ретімен атап беріңдерші.

— Балалар, мына суретке қараңдаршы. Суретші қай жерде қателесіпті?
Педагог балаларға дөңгелек ішіндегі суретті төменгі шаршылардың ішіне суреттің тиістіне қоюды тапсырады
(таңерең, күндіз, кеш, түн).

«Қарғалар». Сергіту сәті.
Қарға қарға қарғалар,
Қар үстінде жорғалар,
Боран соқса долданып
Бұтаға келіп қорғанар.

Педагог балаларға өлең оқып береді
Санауды біз білеміз,
Сандарды да білеміз,
Сондықтан да атамның
Құстарын санап береміз
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Бірден санап шеш!
Содан соң балаларға сұрақ қойып тапсырманы береді.
— Тордың ішінде неше құс бар?
— Ағашқа неше құс қонып отыр?
— Қайсысы артық, қайсысы кем?
— Тордың астындағы жолаққа торда қанша құс болса. сонша дөңгелек салыңдар?
— Ағашта қанша құс болса, төмендегі жолаққа сонша дөңгелектерді салыңдар.
— Енді жолақтың ішіндегі дөңгелектерді салыстырыңдар.
Олардың саны қанша? Бұл жайлы не айтасыңдар?
Педагог өлең оқиды:
Азамат, Марат, Айдар,
Келді аралап базар
Әрқайсысы өлшеп,
Сатып алды көйлек
Азамат жасыл жейде сатып алды. Азаматың оң жағындағы сары жейде киген Марат тұр, ал сол жағында қызыл жейделі Айдар тұр.
Педагог балалардың киімдерін бояуды тапсырады. Сол жақтағы баланың жейдесін қызыл түсті, оң жақтағы баланың сары түсті, ортадағы баланың жейдесін жасыл түсті болуы шарт.
— Сол жақтағы, оң жақтағы. ортадағы баланың жейдесінің түсі қандай?
Түрлі түсті орамалдар жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/