ТҮРКІСТАНДЫҚТАР МАРАПАТТАЛДЫ | «Айқын» газеті

0

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының бірқатар партия белсенділері марапатталды. Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орын­басары Мәулен Әшімбаевтың «Белсенді қызметі үшін» мерекелік медалі мен Құрмет грамотасы және «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауын өткізу туралы ережесіне сәйкес, жылдағы дәстүр бойынша байқаудың нәтижесі нақтыланып, салтанатты марапаттау шарасы өтті.

Шарада сөз алған «Нұр Отан» пар­тиясы Түркістан облыстық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасы Нұрмахан Жолдасов көпшілікті мерекемен құттықтап, тәуелсіздік тұсында жеткен жетістіктер Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы екенін және алда Елбасы тапсырмаларынан туындайтын көптеген міндеттер күтіп тұрғанын да жеткізді. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасы еліміздің даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген түркістандық партия белсенділеріне алғыс білдірді.
– Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жү­рек­тен құттықтаймын! Қазақстанның тұ­рақ­ты дамуы мен кемелденуі жолын­да­ғы еңбектеріңіз табысты, барлық бас­та­ма­­­ла­рыңыз сәтті болсын. Шын жүрек­тен, талмай еткен еңбектеріңіз бен елі­­­міз­­­­дің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін ал­ғы­сымды білдіріп, аймақтағы өзі­нің жұмысымен жақсы көрсеткішке қол жеткізіп жүрген белсенді 32 бас­тауыш пар­­тия ұйымының төра­ғаларын марапат­та­ғым келеді, – дей келе Нұрмахан Миятұлы мара­пат­тарды табыстады. «Белсенді қыз­меті үшін» төсбелгісімен «Нұр Отан» пар­тия­сы Арыс қалалық филиалы «Мон­тай­тас» бастауыш партия ұйымының төра­­ғасы Нұралы Нұрымбет, Мақтаарал ау­дан­дық жұмыспен қамту және әлеу­мет­тік бағдарламалар бөлімінің мең­геру­шісі Әділхан Әбжанов марапатталды.
Құрмет грамотасымен «Нұр Отан» пар­тиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, заңгер-кеңесшісі Асқар Еркінбеков, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының саяси жұмыстары бөлімінің консультанты Бекзат Біләлов, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Иманқұл Қалиев, және Қазығұрт ауыл округінің әкімі, «Орталық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Садықов марапатталды.
«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы бойынша аудан-қалалардағы бастауыш партия ұйым­дарында іріктеулер өткізілген болатын. Байқауға барлық аумақтардағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары өздерінің атқарған жұмыстары бойынша сынға түсіп, соның ішінде 37 бастауыш партия ұйымының жеңімпазы облысқа ұсынылған. Соның ішінде ең белсендісі Астанада өткен бастауыш партия ұйымы республикалық форумында БПҰ ара­сында өткен республикалық байқаудың қорытындысы бойынша Түркістан облы­сынан «Арыс» қалалық филиалына қа­расты «Монтайтас» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұралы Нұрымбет рес­публикалық «Өрлеу» номинациясына ие болды. Сондай-ақ байқаудың қоры­тын­­дысымен 1, 2, 3-санаттар бойынша жеңімпаз болған аймақтық үздік бас­та­уыш партия ұйымының төрағалары ма­ра­­­пат­­талды. Мерекелік жиында ар­на­йы ын­­­та­ландыру сыйлықтары да табысталды.

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы

Дереккөз: Айқын